Алматы облысында қожайын жұмысшысын көлікпен соғып, 9 қабырғасын сындырған

Алматы облысында қожалық иесі өзінің мал бағатын жұмысшысын соғып, 9 қабырғасын сындырған. Қазір малшы ауруханада жатыр, деп хабарлайды qazaq.today ақпараттық агенттігі. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 мамыр күні ауруханаға ауыр дене жарақатымен 44 жастағы ер адамның түскені жөнінде хабарлама келген.

Тергеу барысында азаматты қожайыны соққан. Ал таяқ жеген жігіт отбасымен бірге оның малын баққан. Жұрттың ашуын тудырған оқиға Ақсу ауданында болған.

«Қазір күдікті ұсталды. Ол – Талдықорғанның 43 жастағы тұрғыны. Оның көлігі де тәркіленді. Медициналық тексеру кезінде күдіктінің жеңіл түрде ішімдік ішкені анықталды. Қазір оның үстінен ҚР ҚК 106 бабы, яғни қасақана денсаулыққа зиян келтіру бойынша қозғалған қылмыстық іс ҚК 24 бабы 3 тармағы және 99 бабының  2 тармағы бойынша қайта сараланды, яғни адам өлтіруге оқталу деген ауыр айып тағылды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Малшы екі кішкентай кәмелетке толмаған баласын және әйелін алып, қожалықтан кетпекші болған. Жұмысшысының кетуіне қарсы болған фермер оларды иен далада қуып жетіп, көлікпен қаққан.

Соңғы

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті,...

Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі тағы да ұзартылды

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 21...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. Алдын ала қорытынды бойынша көп дауыс...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурызда Баку порты бағытында одан әрі тасымалдау үшін...

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті, - деп жазды Ақорда. Израиль тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here