Алматы облысында қойма отқа оранды

Фото: ТЖМ

ТЖМ Алматы облысында қойма өртенгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Алматы облысының құтқарушылары қоймадағы жалынды сөндірді.

«Бүгін Қарасай ауданында қоймалық үй-жайдың бірінде 273 шаршы метр алаңда құрылыс материалдарының жануы орын алды.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», — делінген ақпаратта.

ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.