лматы облысында “Өгей қызын зорлады” деп айыпталған азамат ақталды.
«12 ай бойы қылмыстық істі әуре-сарсаңға салып, дұрыс тергемей жүрген тергеушілердің ісіне Іле ауднының прокуроры Дидар Әскербеков мырза және де Алматы облысының прокуроры Берік Адамов мырза өздері жеке араласып, қылмыстық істі егжей-тегжейлі зерттеп, бірінші сарапшының үстіне қылмыстық істің қозғалғаны және оның қорытындысы жалған боп шыққанына көздері жетіп, қылмыстық істі тоқтатып, адамның Конституциялық құқығының қалпына келуіне көмек көрсетті», — дейді заңгер Ғабит Өмірбеков.
Бұл-бәсекелестік орныққан және бәріне тең мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстан құрудағы оң қадамның жемісі, дейді заңгер. Бұл -прокуратура жұмысының айқындығы мен анықтығы. Заң салтанат құрған елде ғана әділдік орнайды. Демек заң мен тәртіп халық игілігіне жұмыс істеуі тиіс.