Алматы облысында мектептен шыққан оқушы тоққа түсіп қайтыс болды

Алматы облысында мектеп оқушысы пойыздың тоғына түсіп қайтыс болды. Жоғары вольтты тоққа түскен оқушының денесі күйіп кеткен.Бала оқиға орнында бірден қайтыс болып кеткен. Мектептен кеш шыққан оқушы үйіне қайтарда пойыз жолының бойымен жүрген.

«3 наурыз күні сағат 21.30 шамасында Боралдай кентінде оқушы теміржолда тоққа түсіп қайтыс болғанын хабарлайды. Оқыс оқиға Қарасай ауданына қарасты 71 разъезд саяжайларының маңында орын алды. Оқушының тұрғылықты мекен жайы сол жақта болғандықтан теміржол бойымен үйіне қайтып келе жатқан. Теміржол бойында тоқтап тұрған вагондардың үстіне шығып алған. Вагондармен электр сымдарының арасы жақын болғандықтан оқушы тоққа түсіп оқиға орнында көз жұмған. Оқушы көпбалалы ,толық отбасынан шыққан, ешқандай есепте тұрмаған»,-деді Алматы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Іле аудандық білім бөлімінің басшысы Ләззат Каткеева аталған жағдайға қатысты түсініктеме берген.Оқушының отбасында кәмелеттік жасқа толмаған алты бала болған. Мектептен қайтқан оқушыны не мұғалімі, не ата-анасы қадағаламаған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оншақты жылдан бері аудандық білім бөлімін тапжылмай басқарып келе жатқан Каткеева облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаеваға жағдайды баяндаған. Каткееваның сөзінше оқушы мектептен шыққан. Алайда баланың не себепті кеш тарағаны айтылмаған. 14 жастағы оқушы Боралдай кентіндегі № 39 гимназияның 8 «Г» сыныбында оқыған.

«2008 жылы туылған 8 «Г» сынып оқушысы Нұрғалаи Жомарт Сұлтанұлы теміржолда тоққа түсіп қайтыс болған. Н. Ж. Сұлтанұлы көпбалалы, толық отбасынан шыққан, ешқандай есепте тұрмаған. Әкесі – С. Қирбаев жалдамалы жұмысшы. Анасы –үй шаруасында. Жомарт үйдің үлкені», – делінген аудандық білім бөлімінің басшысы жіберген ақпаратта.

 

Qazaq.today

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here