Алматы облысындағы мектепте оқушы қайтыс болды

Алматы облысындағы мектепте оқушы қайтыс болды. Қайғылы оқиға Талғар ауданының Еламан ауылында орын алған. Ауыл тұрғындарының мәліметінше, оқушы мектепке мопедпен келген. Алайда тоқтап үлгермеген 9-сыныптың оқушысы мектептің қоршауына соғылған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Жанаргүл Күнсақалова басқаратын №41 мектептегі қайғылы жағдай бүгін болған. Алған жарақатынан 2004 жылы туған  оқушы оқиға орнында қайтыс болып кеткен.

«Мектепке оқушы мопедпен келген. Сынып жетекшісі  оқушыларға қауіпсіздік туралы неге ескертпеген? Ол оқушы мектепке бірінші рет көлікті өзі мініп келіп тұрған жоқ. Алайда оған ешкім мүлдем мән бермеген. Ақыры оқушы қайғылы жағдайға тап болды. Жағдайды естіген ауыл халқына бұл ауыр соқты.  Балаларды таситын автобуС қайда?  КӨЛІКТІҢ ДӨҢГЕЛЕгі ТАЙЫП, ҚОРШАУҒА СОҒЫЛҒАН. ҚАҚПАНЫ құлатып, мектептің ауласына кіріп кеткен. Енді әкімшілік судан ақ, сүттен таза, ештеңе білей қалыпты аяқ астынан », — деді  Ашынған Еламан ауылының тұрғыны.

Облыстық ПД қайғылы жағдайдың орын алғанын растады.  Ведомствоның мәлеметінше ҚР ҚК 345 бабының 3 бөлігімен іс қозғалған. Оқушы бордюр мен мектептің қоршауына соғылған.  Оқушы мінген көлік оның әкесіне тиесілі болған. Ал облыстық Білім басқармасының ақпаратынша,  оқушы бір күннен соң мемлекеттік емтихан тапсыру керек болған.

Білім басқармасының мәліметінше 27 күні сағат 11.45 шамасында Еламан ауылындағы №41 орта мектептің 9 «А» сынып оқушысы мектептің сыртқы қоршауы жағында орталық көшеден мопедпен қатты жылдамдықпен келіп, бұрылыста көше шетіндегі бордюрға ұрылып құлаған.Дәрігерлік жедел жәрдем пунктінің фельдшер-дәрігері, мектеп медбикесі оқиға орнында балаға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсеткен, бірақ ауыр жарақат алған бала оқиға орнында қайтыс болған.

«9 сыныптардың емтиханы ертең, яғни 28 мамыр күні басталады, 27 мамыр күні 11 сыныптарда емтихан басталды.
Оқушы сағат 09.00-ден 10.30-ға дейін мектепте болған, ертеңгі емтиханға дайындық сабағына қатысып, 10.30-да үйлеріне қайтқан. Мектеп әкімшілігі әкесімен сөйлескенде мопедке мінуге баласына рұқсат бермегенін айтқан. Осы уақытқа дейін мектеп мұғалімдері мен мектеп әкімшілігі баланың мопедпен жүргенін көрмегендерін мәлімдеді. Сонымен қатар, 25 мамыр күні сынып жетекшісі аталған сынып оқушыларының ата- аналарымен жиналыс өткізіп, оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі және демалыс кезіндегі ата- аналар жауапкершілігі туралы айтқаны белгілі болды»,- деді Алматы облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметі.