Алматы облысында 5 жастағы қыздың денесі табылды

Алматы облысында лай көшкіні басып қалған бес жастағы қыз баланың денесі табылды. Жоғалып кеткен қыз баланы лай астынан іздеу кешке дейін жалғасқан. 15 мамыр күні түскі сағат 13:00 шамасында Текелідегі Қонаев көшесінде лай көшкіні жүріп, бес жастағы қыз бала жоғалып кеткен еді. Оны іздеуге екі жүздей адам жұмылдырылған. Текелі қаласындағы лай көшкінінің алдын ала ұзындығы 50 метр , ені 25 метр , биіктігі 3,5 метр, көлемі 4375 текше метр.

«15 мамыр күні сағат 18.15-те қызметтік иттің көмегімен Текелі қаласында лай көшкіні кезінде қаза тапқан 2016 жылы туған қыз баланың денесі бұзылған үйінді астынан табылды», – делінген ТЖД хабарламасында.

 

Облыс әкімі Қанат Бозымбаев марқұм болған қыз баланың туған-туысына көңіл айтып, зардап шеккен отбасыларға баспана берілетінін айтты.

«Текеліде лай көшкіні жүрді. Бірнеше жекеменшік тұрғын үй бүлінді. Өкінішке қарай, 2016 жылы туған қыз бала қайтыс болды. Жедел қызметтер өз жұмыстарын жүргізуде. Зардап шеккендерге баспана беріліп, көмек көрсетіледі. Марқұмның жақындарына қайғыра көңіл айтамын», – деді өңір басшысы.

Соңғы

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті,...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. Алдын ала қорытынды бойынша көп дауыс...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурызда Баку порты бағытында одан әрі тасымалдау үшін...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here