Алматы облысында ерлі-зайыпты жетім балаларды ұрып-соғып, жұмысқа жеккен

Алматы облысында ерлі-зайыпты асырап алған балаларды аяусыз ұрып-соққан. Қатыгездік танытқан тұрғындардың әрекеті әлеуметтік желіге тарап кетті. Оқиға Алматы облысының Іле ауданында болған, деп хабарлайды Qazaq.today тілшісі.Әйелі мен күйеуі балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілерін кезектесе ұрып-соғып, жұмыс істеуге мәжбүрлеген.

«Заман не болып кетті? Балалар үйінің тәрбиеленушілерін кім көрінгенге беретін болған ба? Осы балалардың мемлекеттің асыраушысына ақша төленеді. Оларды ешкім тексермейді де! Өйткені жоғары жақпен байланысы бар ма екен? Мына балаларды ұрып-соғып, жұмысқа жегіп жатыр», – дейді Тelegram-арнасындағы видео авторы.

Жазбада балалар 18 жасқа толғанда асыраушыға жәрдемақы төлеуді тоқтататыны, ал ол өз кезегінде оларды үйінен қуып жіберетіні айтылған. Кейін қамқоршылар балалар үйінен тағы 3-4 баланы алып кетеді-міс. Автор балалардан қай отбасында тұрғысы келетінін ешкімнің сұрап жатпайтынын айтады.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 27 тамызда Іле ауданының қорғаншылық және қамқоршылық органдарына отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиеленушілерін жиі соққыға жығу фактісіне қатысты ақпарат түскенін хабарлады.

«Хабарлама түскен бетте ювеналды полиция қызметкерлері аудан әкімдігінің мамандарымен бірлесіп, тиісті тексеру жұмыстарын ұйымдастырды. Тәрбиеленушілер уақытша «Солнышко» балалар үйіне ауыстырылды», – деп түсіндірді тәртіп сақшылары.

Аталған дереке қатысты материалдар сотқа жолданды. Ерлі-зайыптының балаларды қамқорлыққа алуы немесе ондай құқықтан айыру туралы шешімді арнайы құрылған комиссия қабылдайды.  https://www.instagram.com/p/Ch6Kz24qYVJ/

 

 

 

 

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here