Алматы облысында экскаватор өзенге жүргізушісімен бірге құлап кетті

Алматы облысында экскаватор жүргізушісімен бірге өзенге құлап кеттті. Апаттан жүргізуші құтқарылды. 

ТЖМ мәліметінше, Райымбек ауданында қатты жауын-шашынның салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай, экскаватор жолдан өзенге аударылып кеткен.

Құтқарушылар ер адамға саты беріп, жоғары көтерілуге көмектесті. 1972 жылы туған зардап шегушіге медициналық көмек қажет болмады.