Алматы облысында екі балықшы көлге батып кетті. Оқиға кеше кешке Ұйғыр ауданының аумағында орын алған. 1973 және 1969 жылы туған екі балықшы үрлемелі резеңке қайықпен балық аулауға барған. Қайық кенеттен аударылып, екі балықшы да көлге батып кеткен.
«28 наурызда сағат 17:30-да РЖҚЖ кезекші – диспетчерлік бөліміне Деревянное көлінде оқыс оқиға орын алды деген хабарлама келіп түсті.Куәгерлер бірден бір ер адамның денесін судан шығарып алған. Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы оқиға орнына шықты. Іздестіру – құтқару шараларын жүргізу барысында, сағат түнгі 00.00-де құтқарушы-сүңгуірлер екінші ер адамның денесін тауып, судан шығарды», — деді РЖҚЖ баспасөз қызмет.
12