Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі екі ауылдық округ әкімдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Qazaq.today.
Мониторинг барысында Жамбыл ауданының Ұзынағаш және Матыбұлақ ауылдық округтерінің әкімдері Б.Р. Бейсенбеков пен Т. Б. Муқеев активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсынбаған мамандарды жұмысқа қабылдағаны анықталды. Бұл ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабында көзделген талаптарды бұзу болып табылады (мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы).
Осы тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды. Істі қарау барысында екеуі де кінәсін толық мойындады.
Нәтижесінде әкімдерге 50 МРП көлемінде айыппұл салынды.
Qazaq.today