Алматы облысында діни радикал ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полиция органдарымен әрекеттесе терроризмді интернет желісі арқылы насихаттағаны үшін Алматы облысының тұрғынын ұстады.

Оның тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізу кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді, деп хабарлайды  Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Ұсталған адам бұған дейін жалпы қылмыстарды жасағаны үшін сотты болған.