Алматы облысында балаларды азаптаған күдікті ұсталды

Бұған дейін желіде белгісіз ер адам төрт баланы байлап, оларды ұрып-соғып, пышақпен қинап жатқан видео пайда болған еді.

Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленовтың айтуынша, күдікті Қарасай ауданында ұсталған.

Күдікті аудандық полиция бөліміне қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.