Алматы облысында алғашқы ет өңдеу комбинаты ашылады

Алматы облысындаалғашқы ет өңдеу комбинаты ашылады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  2030 жылға дейін жүзеге асырылатын 138 жобаның 16-сы Кеген ауданына тиесілі. Өңірге тартылған инвестиция көлемі 3 млрд 881 млн теңгені құрады. Тасашы ауылында Алматы облысындағы алғашқы ет комбинаты салынып жатыр. «Кеген мяспром» ЖШС-да тәулігіне 50 ірі қара, 150 ұсақ мал, 10 жылқы сойылады. Жылына 2500 тоннадан астам ет, 330 тоннадан астам шұжық, 70 тоннаға жуық консерві өндірілмек. Комбинатта мал бордақылау, мал сойылатын алаңдар, кәріз-азарту жүйесі, санитарлық аймақ болады. Зауыт биыл желтоқсанда қолданысқа беріледі. Жоба жұмысын бастағанда 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

​«Келесі жүзеге асып жатқан жоба – «Great Steppe Heritage», яғни, Бестөбе су қоймасында форель шаруашылығын құру. Жобаның қуаттылығы жылына 500 тонна форель өсіруге жеткілікті болады деп жоспарланған. Шаруашылықтың жер көлемі де ауқымды – 13 гектар. Бүгінде құрылыстың 90 пайызы аяқталған», — деді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кеген ауданында «Талас» өндірістік кооперативі бар. Бұл кооперативтің жұмысы сүт өндіруге негізделген. Алғашында серіктестік басшылары Чехиядан асыл тұқымды «Сементал» сүтті сиырының 80 басын әкелген. 2022 жылы «Алатау» сүт бағытындағы ірі қара малын алып, сиырдың жалпы санын 164-ке жеткізген. Қазіргі таңда мұнда күніне 400 литр сүт өндіріледі. Жұмыспен қамтылғандардың саны – 15. Ендігі жоспар – сиыр басын 400-ге жеткізіп, сүт өндірісін кеңейту.

«Облыста егістік жерлерінің көлемі 462 мың гектарға жетсе, оның 7%-ы, яғни 30,9 мың гектары Кеген ауданына тиесілі. Оның 65%-ын жем-шөп (20,1 мың га), 26%-ын дәнді дақылдар (8 мың га), 8,1%-ын картоп құрайды (2,5 мың га). Ауданда сыйымдылығы 800 тонна болатын  1 көкөніс қоймасы бар. Ауданда мал шаруашылығы дамыған және жылқы саны бойынша аудан облыста 3-ші орынды, қой және ешкі саны бойынша 5-ші орынды алады», — деді әкімдіктің баспасөз қызметі.