Фото: istockphoto.com
Алматы облысында әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Бейнежазбадан жерде жатқан әйелді ер адамның жұдырықтап жатқанын көруге болады.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек Қарасай аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша тіркелді.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында аудандық полицияға 1979 жылы туған А. есімді азамат анықталып, жеткізілді.
«Қазіргі уақытта жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін қылмыстық іс бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады»,- деп хабарлады полиция департаменті.