Алматы облысында 19 бала тәрбиеленген заңсыз медресе анықталды

Фото: mgorod.kz

Қарасай ауданының прокуратурасы «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында құқық қорғау органдармен бірлесіп 19 бала заңсыз тәрбиеленген жасырын діни медресені анықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

– Жеке үйдің аумағында Тәжікстанның тумасы балаларға араб жазулары бар діни әдебиеттерді қолдана отырып сабақ берді. Тексеру барысында діни әдебиеттің 179 данасы, сондай-ақ «Iphone» маркалы ұялы телефон және «HP» маркалы ноутбук тәркіленді. Аталған іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта барлық бала ата-аналарына қайтарылды, — деп хабарлады облыстық прокуратурадан.