Алматы метрополитенінде қайғылы оқиға 10 желтоқсан күні «Абай» станциясында болды. Әлеуметтік желілерде жантүршігерлік сәттің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
26 жастағы көру қабілеті бұзылған жас жігіт метрополитенде қайтыс болды. Қайғылы оқиға туралы толық мәліметтер әлі жарияланған жоқ. Видеода “Абай” станциясынан түскен қыздың оны құтқарып қалуға тырысқанын және жігіттің әп-сәтте қалай құлап кеткенін байқауға болады. Қыз оны ұстай алмағандықтан қауіпсіздікті бақылап жүретін кезекшіні шақырған. Кезекшенің оқиға орнына жүгіріп бара жатқаны көрсетіледі.
Бірақ бұл жағдайдың нақты себептері мен басқа да мән-жайлары белгісіз. Трагедия көпшіліктің назарын аударды.
46