Алматы мектебінде «Патриотизм дауысы» іс-шарасы өтті

Республика күніне орай білім ошақтарында Қазақстанның әнұранын орындау челленжі басталды, деп хабарлайды Qazaq.today.

Соған орай Алматыдағы № 205 жалпы білім беретін мектепте  оқушылар әнұран шырқап, мемлекеттік ту көтерілді.

Мерейлі мереке құрметіне арналған «Патриотизм дауысы» іс-шарасы өткізілді. Оған барлық ұстаздар мен оқушылар атсалысты.

Аталмыш іс-шара 13 жылдан кейін халықпен қайта қауышқан ұлттық мерекенің маңызын арттырып, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыруды мақсат тұтады.

Qazaq.today