Алматы мектебінде биология мұғалімі теңіз тышқанын сойып, сабақ өткізген

Желіде Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде оқушылар мен мұғалімнің теңіз шошқасын кесіп, іш-құрылысын ақтарып жатқан видеосы тарады. Бұл оқиғаға қатысты елорданың білім басқармасы өкілдері түсініктеме берді, – деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап. 

Видеода теңіз шошқасын алдымен басынан ұрып өлтірілгені, кейін скальпельмен іш-құрылысын ақтарып жатқаны көрінеді. Видео қарағанда, бұл оқиға биология сабағында өтіп жатқан.

Астана білім басқармасы өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Биыл 20 ақпанда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 72-бабына сәйкес Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті мен білім басқармасының қызметкерлері Алматы қаласындағы «125 Алматы» ЖШС жеке мектебіне әлеуметтік желіде тараған видеоның мән-жайын анықтау мақсатында барды. Түсіндіру барысында бұл оқиғаның 17 ақпанда Алматыдағы жекеменшік мектептің 10-сыныбында биология пәнінен қосымша практикалық сабақта болғаны анықталды. Мұғалімнің айтуынша, ол студенттердің қалауы бойынша теңіз шошқасының іш-құрылысын көрсету мақсатында «анатомия және физиология» бөлімін қорытындылау мақсатында практикалық сабақ өткізген. Мұндай деректердің алдағы уақытта қайталанбауы үшін мектеп ұстаздарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді», – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, мектеп әкімшілігіне қоршаған ортаға құрметпен қарауды қалыптастыру және жануарларға қатыгездік көрсетудің алдын алу бойынша мектепішілік бақылау мен тәрбие жұмысын күшейту бойынша ұсыныстар берілді. Биология пәнінің мұғалімі өз еркімен жұмыстан кетті.

 

Qazaq.today

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here