Алматы маңында жер сілкінді

29 тамыз күні Алматыға жақын маңда жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, зілзала 01:47-де болған.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 24 шақырым жерде- Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 7,7.

Магнитудасы MPV 3.7.

Сезілгені туралы ақпарат жоқ.

Фото: Pixabay