Фото: видеодан скриншот
Алматыда автобусқа қозы жетектеп кірген жолаушының әрекеті көптің назарын аударды. Қоғамдық көліктің біріне отырған адам ақ жүнді қозыға жөргек кигізіп, жетекке алған, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.
Ит жетектеп, оны тіптен қойындарына салып алғанда үндемейтін, назар аудармайтын жолаушылар қозысымен жүрген адамға түрлі пікірлер жазды.
«Алматы – мәдени астана», «Жөргек 4-ші өлшем бе, 5-ші ме», «қазір жетектеп жүр, Құрбан айтта көреміз», «Союға қимай жүрген шығар», — деген сынды пікірлер жазып, желі қолданушылары өзара у-ду болды.