Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

2024 жылғы 27 желтоқсанда таңертең қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 300 шақырымдай жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, сейсмикалық стансалар желісі Астана уақыты бойынша 07:34 минутта жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қытайдан 277 шақырым жерде орналасқан. Алматының оңтүстік-шығысында.

Магнитудасы 4,4 болды.

Энергетикалық класс K=10,2.

Фото: Pixabay