Алматы көшелерінде автобустар батпаққа батып жатыр (видео)

Алматыда қоғамдық көліктер батпаққа айналған жолға батып, жүре алмай жатыр. Батпаққа батқан автобустарды шығару үшін адамдар арнайы техника шақыруға мәжбүр болған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігінің тілшісі. Ал жолаушылар батпаққа толы аялдамада тұруға мәжбүр.  Қаланың «Нижняя Пятилетка» шағын ауданындағы тұрғындардың жүріп-тұруы қиындаған. Зенькович, Бесембаев және Бартольд көшелерінде жолдар апатты жағдайға айналған. Көшелер балшық пен шалшыққа толып кеткен. Тұрғындар аяқтарына амалсыз полиэтилен пакеттерін киуге мәжбүр. Халық жолға жөндеу жұмыстарының жүргізілмейтінін айтады. Жергілікті тұрғындар мен автобустан түскен жолаушылар көшелердің нашарлығына шағымданған видеоларды таратты.

«Біздегі жолдың қандай жағдайда екенін қараңыздар. Зенькович көшесінде №74 бағыттағы автобус  батып қалды. Қалай жүруге болады? Жер ойылып кетті. Өзіңде батып қалуың мүмкін, жүру қауіпті. Біз Түрксіб ауданында тұрамыз. Өте қорқынышты. Балалардың өзін автобусқа отырғызуға қорқамыз. Автобус қисайып, бір жағымен батпаққа батқанда балам қатты  қорқып қалыпты. Анау жақта екінші автобус батпаққа батып жатыр», – деді жергілікті тұрғынның бірі.

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here