Полиция Алматы көшелерінде қарудан оқ жаудырғандарды іздестіріп жатыр. Әлеуметтік желіде Алматы көшелерінде автомат пен тапаншадан оқ атып, той тойлаған жастардың видеосы тарады. Жастар халық көп жиналған жерде аспанға оқ жаудырған, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.
Видеодан үйлену тойында көлік ішінен аспанға оқ атылғаны көрінеді. Жиналғандар олардың әрекеттерін телефондарының камераларына түсірген. Алматы полиция департаменті қазіргі уақытта оқ атқандардың жеке бастарын анықтау бойынша жұмыс істеп жатқандарын хабарлады.
«Алматы облысының полициясы құқық бұзушылардың жеке басын анықтау бойынша қажетті іс — шаралар жүргізуде, олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті түрде жауапқа тартылады», — деп хабарлады ведомстводан.
https://www.youtube.com/watch?v=GfUml9XJ3TA