Фото: gov.kz
Астана соты Ержан Бабақұмаровты 15 тәулікке қамап, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Президенттің бұрынғы кеңесшісін тәртіп сақшылары 29 қаңтар күні кешкісін ұстаған. Ол мас күйінде көлікке отырған.
«Төлебаев көшесінде түнгі 03:15-те Бабақұмаров Toyota Land Cruiser Prado көлігін мас күйінде жүргізген», — делінген сот қаулысында.
Ол енді 15 тәулігін түрмеде өткізеді.
Айта кетейік, Ержан Бабақұмаров 2019 жылы Президенттің кеңесшісі болған. Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Сондай-ақ Орталық коммуникациялар қызметін, Премьер-министр кеңсесін басқарған.