Алматы халқы қала күнін жаппай тойлауды бастады

Алматыда бүгін айрықша мереке. Қыркүйектің үшінші жексенбісінде Алматыда қала күні тойланады, деп хабарлайды Qazaq.today.

Ол Республика Сарайының алдындағы Абай атындағы алаңда өтеді. Қалада концерттер, көрмелер, флешбомдар, фестивальдар, мегаполистің дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан жандарды «Алматының Құрметті азаматы» атағымен марапаттау сынды мерекелік іс-шаралар да ұйымдастырылған. Тұрғындар мен қонақтарға ерекше көңіл күй сыйлау түскі сағат 12:00-ден бастап, кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.Мерекелеу қаланың 8 ауданында және Панфилов пен Жібек Жолы көшелерінде «Туған күніңмен, Алматым!» фестивалі өтеді. Фестиваль бағдарламасы түрлі аймақтарға бөлінген. Көрермендер командалардың қойылымы, жас әртістердің концерті, қолөнершілер жәрмеңкесі, заманауи өнер көрмесі, «Кино» кафесінде кино көрсетілімдері, жергілікті суретшілер мен дизайнерлердің шеберлік сыныптарының өнерлерін көре алады.

«Сағат 20:00-де Абай алаңында «Алматы жүрегімде» атты Халықаралық орындаушылардың екінші байқауы өтеді. Сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін Тұңғыш Президент саябағында Apple Fest өтеді, екі күн ол жер алып алма саябағына айналады. Фестиваль бағдарламасында алма базары, қалалық мейрамханалар жәрмеңкесі, спорттық және концерттік бағдарламалар жоспарланған»,- деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алма көрмесі былтыр 100 тонна болса, биыл ол 127 тоннаға көбейді. Сонымен бірге Абай алаңында сағат 10:00-де салтанатты іс-шара – «Алматы қаласының Құрметті азаматы» төсбелгісі тапсырылады.

«Сағат 16:00-де Астана алаңында «Сағындым Алматымды» музыкалық фестивалі өтеді. Сонымен қатар, сағат 19:00-де Абай алаңында «Алматы жұлдыздары» музыкалық фестивалі өтеді», — делінген хабарламада.

Бұдан бөлек Алматы қаласының барлық ауданында қала күні тойланып, салтанатты іс-шаралар өтеді:

— Жетісу ауданында сағат 17:00-де Айнабұлақ шағын ауданындағы Арбатта және 17 қыркүйек сағат 12:00-де «Гүлдер» саябағында, Серіков көшесі, 2а, қала күнін тойлауға арналған мерекелік концерт өтеді.

— Әуезов ауданында 17 қыркүйек күні сағат 17:00-де Family park демалыс саябағында (Абай даңғылынан кіреберіс) қуыршақ театры мен эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Туған күніңмен, Алматым!» мәдени іс-шара өтеді.

— Түрксіб ауданында 16-17 қыркүйек күндері сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін №6 Оқушылар үйі алаңының алдында, Сейфуллин даңғылы, 13/1 «Туған күніңмен, Алматы» мерекелік іс-шарасы өтеді. Кеш қонақтары үшін қазақстандық эстрада жұлдыздары, акробаттар, бишілер мен сиқыршылар, сонымен қатар, сәбилерге арналған қуыршақ театры және танымал «Ұлытау» этно-рок-тобы өнер көрсетеді.

— Алмалы ауданында 16 қыркүйекте сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Сейфуллин даңғылы, 483 мекенжайындағы «Мега парк» СОО аумағында «Туған күніңмен, Алматы!» мерекелік іс-шара өтеді.

— Наурызбай ауданында ауданның эстрадалық жұлдыздары мен дарынды балаларының қатысуымен «Алматы – болашақ қаласы» мерекелік концерті 16 қыркүйекте сағат 11:00-де және 17 қыркүйекте сағат 19:00-де Шұғыла ш/а. 347 мекенжайындағы аудан әкімдігі ғимаратының алдында өтеді.

— Бостандық ауданында 16 қыркүйек күні сағат 16:00-ден 19:00-ге дейін Розыбакиев көшесі, 247а мекенжайындағы MEGA Alma-ata СОО амфитеатрында жас орындаушылардың қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

— Алатау ауданында 16 қыркүйекте қала күніне орай «Алатау» ДӨТ аумағында (Нұркент, 6 ш/а.) сағат 18:00-де «Асыл мұра» дәстүрлі музыкасының мерекелік кеші, ал 20:00-де «Дос-Мұқасан» тобы өнер көрсетеді.

 

Qazaq.today