«Алматы-Екатеринбург» жолында 3 көлік соғысып, салдарынан 9 зардап шекті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін апаттар медицинасы орталығының шұғыл әрекет ету бригадасы «Алматы-Екатеринбург» автожолында болған жол-көлік оқиғасына барды. Анықталғандай, 3 көлік соқтығысқан.
Құтқарушылар зардап шеккен 9 адамға, оның ішінде 3 балаға шұғыл медициналық көмек көрсетті. Олар ауруханаға жатқызуды қажет етпеді.
43