Алматы әуежайы автотұрақ тарифін көтерді

Алматы халықаралық әуежайы 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап әуежай аумағындағы алаңда және жабық тұрақ кешенінде көлік құралдарының тұрағы үшін тариф өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

Вокзал маңы алаңының аумағы және жабық тұрақ кешені:

15 (он бес) минутқа дейін — тәулігіне екі реттен артық төлемсіз;

15 (он бес) минуттан 1 (бір) сағатқа дейін — 500 (бес жүз) теңге;

1 (бір) сағаттан 2 (екі) сағатқа дейін — 700 (жеті жүз) теңге;

2 (екі) сағаттан 4 (төрт) сағатқа дейін — 1000 (мың) теңге;

4 (төрт) сағаттан 6 (алты) сағатқа дейін — 1500 (мың бес жүз) теңге;

6 (алты) сағаттан 12 (он екі) сағатқа дейін — 2400 (екі мың төрт жүз) теңге;

12 (он екі) сағаттан 24 (жиырма төрт) сағатқа дейін — 3500 (үш мың бес жүз) теңге

24 (жиырма төрт) сағаттан жоғары, одан кейінгі толық және жарты тәулік үшін — 5000 (бес мың) теңге.