Алматы әкімі қалада LRT желісінің салынатынын айтты

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде қалада LRT желісінің салынатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy-қа сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

«Алматыда LRT желілерін салу мәселесі көптен бері талқыланып келеді. 2010 жылдан бастап бұл мәселе шешілмеген күйінде қалып отыр. Бұл мәселе әлі де өзекті ме? Төле би көшесінде трамвай рельстері әлі толық алынбаған», – деп сұрады әкімнен қала тұрғындарының бірі.

Ерболат Досаев болса заман талабына сай жаңа қоғамдық көліктің Саяхат вокзалынан Ақсайға дейін созылуы мүмкін екенін айтты.

«Біз қаланың даму жоспарына енгізген жаңа жоба – бұл трамвай түріндегі төмен қабатты LRT. Келесі жылдың көктемінде біз жобаның құнын түпкілікті шешеміз. Төле би көшесінде LRT болады. Қала үшін «Саяхат» автовокзалынан желілерді жалғап, Ақсайға дейін созу өте маңызды. Қазір жұмыс жалғасуда, жер учаскелерін сатып алу жүріп жатыр», – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Соңғы

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек....

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын...

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here