«Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті Альп Ер Тоңға Ерсой өз қызметінен кетеді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.
Әуежайдың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ресми хабарлама 5 маусымда жарияланады.
“Альп Ер Тоңға Ерсой жаңа халықаралық терминалдың құрылысы аяқталғаннан кейін Алматы халықаралық әуежайының президенті қызметінен кетеді. Ол авиация саласындағы мансабын басқа қызметте жалғастырады. Басшылықтың ауысуы туралы ресми мәлімдеме 5 маусымда жарияланады», – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Еске салайық, 1 маусымда Алматы әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдаған болатын.