Белгілі ақын әрі қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабек әлеуметтік желідегі жазбасында өзінің Алматыға алғаш келген кезін еске алып, Дінмұхамед Қонаевпен болған жақын қарым-қатынасы туралы әсерлі естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды Qazaq.today.
Тазабек Алматыға оқуға түскеннен кейін, оның Қонаевпен ерекше рухани байланысы орнағанын атап өтті. Жазбасында ол:
“Алматыға оқуға түскесін атамызбен арамыз тіптен жақын болды. Дүниеден өткенше ортамызда жоғары дәрежедегі ата мен балаға тән рухани байланыс орнады. Кешке жатаханадамын, күндіз атаның үйіндемін. Не ақылын тыңдамадым десеңізші, қандай өнегесін сіңірмедім десеңізші?!”
деп, өзіне үлгі болған ақыл-кеңестері үшін Қонаевқа ризашылығын білдірді. Мұндай рухани байланыс пен тәлімді күндерді Тазабек үлкен бақыт ретінде бағалап, “Алла жарылқаған бақытты күндер еді ғой!” деп еске алады.
Тазабектің жазбасына қосымша ретінде ол Қонаевтың мұражай-үйіндегі орындықтың фотосын да жариялаған. Бұл орындық – жас кезіндегі естеліктерін сақтаған және өзіне қымбат болып қалған ерекше нышан ретінде әсер қалдырған. Тазабек:
“Бәрі де бүгінгідей көз алдымда, қазір естігендей қамқор үні құлағымда жаңғырып тұр”
деп, Қонаевтың қамқор үнін әлі күнге дейін есіне алатынын жазды.
View this post on Instagram