Жасөспірімге тиісті деп айыпталған әнші Алмас Кішкенбаевты 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бүгін Алматы соты Алмас Кішкенбаевты «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша кінәлі деп тауып, 15 тәулікке бас бостандығынан айырды.
«1-бөлімнің 434-бабының санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікті көздейді».
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.