«Алла нәсіп етсін»: Ангелина Лукас титулдық жекпе-жектен соң мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы қыз Ангелина Лукас кеше, 22 қазанда Түркияда кәсіпқой бокстағы екінші кездесуін өткізді. Ол титулдық жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасап, әліде көптеген чемпиондық атақтар үшін шаршы алаңға шығатынын мәлімдеді.

«Бүгін алғашқы чемпиондық титулымды жеңіп алдым! Алла маған Қазақстан үшін әлі де көптеген атақтарға қол жеткізуді нәсіп етсін. Алға, Қазақстан!», – деді былғары қолғап шебері.

Стамбул қаласында өткен бокс кешінде Ангелина Лукас Украина өкілі Алена Гуриевамен жұдырықтасты. Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жеткен жоқ. Екінші раундта Ангелина Лукас қарсыласын нокаутқа жіберді. Осылайша, отандық боксшы жеңіл салмақтағы UBO International титулын жеңіп алды. Бұл Ангелина Лукастың кәсіпқой бокстағы екінші кездесуі.

instagram.com

 

 

 

Соңғы

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек....

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын...

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here