Алименттен жалтарғандардың көбі 31-40 жас аралығындағы азаматтар

Қазақстанда алимент төлемегені үшін 1 618 адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni .

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, іздеудегі адамдардың ішінде ерлер – 1 мың 476, әйелдер – 142. Іздестіруде жүргендердің көбі – 31-40 жас аралығындағылар.

Іздеуден жүргендердің көп бөлігі:

    • Астана қаласы – 361;

 

    • Алматы қаласы – 191;

 

    • Ақтөбе облысы – 143;

 

    • Қостанай облысы – 140;

 

    • Жамбыл облысы – 140;

 

    • Павлодар облысы – 108;

 

    • Алматы облысы – 102;

 

    • Маңғыстау облысы – 59 адам.

 

2023 жылдың 9 айында СДТБТ-да алимент төлеу жөніндегі міндеттерді қасақана орындамау фактілері бойынша 427 қылмыстық іс (Қылмыстық кодекстің 139-бабы) тіркелген.

Өңірлер бойынша мұндай қылмыстық құқықбұзушылықтардың ең көп бөлігі:

    • Маңғыстау облысында – 46;

 

    • Алматы облысында – 45;

 

    • Қостанай облысында – 44;

 

    • Шығыс Қазақстан облысында – 43;

 

    • Павлодар облысында – 40;

 

    • Қарағанды облысында – 35;

 

    • Абай облысында – 32;

 

    • Ақмола облысында – 26;

 

    • Солтүстік Қазақстан облысында – 21;

 

    • Астана қаласында – 17.

 

Осы кезеңде Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 207 адам сотталды. 4-еуі бас бостандығынан айырылса, 2-еуі шартты түрде сотталды, ал 196-сының бас бостандығы шектеліп, 5-еуі қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Жалпы алимент бойынша сот орындаушылардың өндірісінде алимент өндіріп алу туралы 309 мың 670 атқарушылық іс орындауда болды. Бұл ретте балаларға ғана емес, ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға алимент өндіріп алынады.

    • 291 мың 886 атқарушылық іс балаларды күтіп-бағуға арналған алимент бойынша;

 

    • 773 атқарушылық іс еңбекке қабілетсіз ата-аналарын күтіп-бағу;

 

    • 4 мың 506 атқарушылық іс  еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағу өндірістері болды.

 

Qazaq.today