«Алдыма мақсат қойдым»: Илья Ильин қазақша сөйлей бастады

Фото: forbes.kz

Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Илья Ильин қазақ тілін үйренудің екінші кезеңін бастағанын айтты. Бұл туралы видеоны ол Тик-ток парақшасына бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«Ассалаумағалейкүм, құрметті достар! Барлықтарыңызға жақсы апта тілеймін! Көңіл-күй қалай? Менде бәрі жақсы. Мен осы аптада мақсат қойдым. Сіздер мақсаттарыңызды қойдыңыздар ма? Айтыңыздаршы. Мен өте қуанышты боламын. Тағы бір рет сіздерге жақсы апта тілеймін», — дейді ол.

Илья Ильин күніне төрт сағат кітап оқып, «Чемпион» деген кітапты оқуды жалғастыратынын, бес жаттығу өткізіп, салмағын 95 келіде сақтау мақсатын көздеп отыр.