Эксклюзивті мазмұн:

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы...

«42 метрде орналасқан»: сот «Кублей» зауытына қатысты дауға нүкте қоя алмады

«Кублей» зауыты мен Орал қаласының әкімдігі арасындағы іс белгісіз...

Президент сайлауы кезінде тәуелсіз бақылау жүргізген «HAQ» қоры жұмыстарының нәтижесін жариялады

Тәуелсіз бақылаушылар президент сайлауының қалай өткенін жариялады.  «HAQ» қоры...

«Алдап шақырды»: солтүстікке қоныс аударған отбасы тамақ таппаған соң кері көшіп кетті

Солтүстікке қоныс аударған көпбалалы отбасы Алматыға қайта көшіп кетті. Әкімдердің уәдесіне сеніп солтүстікке қоныс аударған алты баласы бар ана жоқшылықтың зардабын әбден тартқан. Балалары аштыққа шыдамаған соң, жесір әйел ұл-қыздарын алып, еріксіз көшуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy-қа сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

Бұған дейін Ақмола облысының Обалы ауылындағы отбасы туралы мәлімет жариялаған едік. Щучинск қаласынан 35 км жердегі ауылға қоныс тепкен отбасы жарты жыл әрең шыдаған. Өйткені баспана, сиыр, өзге де қажеттіліктермен қамтамасыз етеміз деген жергілікті билік уәделерін сол қалпы ұмытып кеткен. Қисайған ескі үйде қыстап шыққан жалғызбасты әйел балаларына айлап макарон ғана бере беріп келген.

«Көргенімді сөзбен жеткізе алмаймын, бұл бізге сынақ болды. Солтүстікте 50 жыл жүргендей қиналдық. Әкім келіп, «шулатпа, ары қарай тарап кетпесін, тоқтатыңыз» деді. Бізден де жағдайы нашар екенін айтып кетті. Ауылдағы тұрғындар «әкім уәдесін орындамайды, үнемі жылап жүреді, құр жұбатып кетеді» деп айтқан. Қысқасы ештеңе өзгермеген соң көшіп кеттік. Соңғы екі күнде мүлдем жейтін тамақ таппай қалдық. Кері көшіп бара жатқанымызды ауылдың чатына жазып едім, ол жерден мені мұғалімдер шығарып тастады. Өйткені басқалар да кері көшіп кетеді деп қауіптенді. О баста берген уәделеріне риясыз сеніп қалдық», – деді жалғызбасты ана Камилла Исмайылова.

Оқи отырайық: «Асылып өлуден басқа жол қалмады»: Ақмола облысында жесір әйел алты баласымен бірге аш отыр

Обалы ауылы картадан жоғалып бара жатқан соң жергілікті билік еліміздің түкпір-түкпірінен көпбалалы жанұяларды іздеген. Тегін баспана ғана емес, тіптен қорасына мал әкеліп, қажет болса жұмыспен де қамтамасыз ететіндерін айтып, ресми түрде жар салған. 100-ге тарта үй түтін түтетіп отырған ауылда бала саны күрт азайғандықтан, мектептің жабылу қаупі де туындаған еді. Былтырғы оқу жылында мектепті Исмайыловтардың жанұясы құтқарып қалған. Тоқыраудан көз ашпаған ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарта алмаған әкім жоқшылықтан әрең отырған көпбалалы ананы қорқытуға көшкен.

«Ел қатарына қосылайық деп барғанда әкімдіктегілер АӘК-ті бірнеше ай бойы төлемеген. Балаларды қудалау мектептен басталса, мектеп басшылығы бұған көз жұма қараған. Олар «бөтен адамдар» саналды. Әкім балалардың қиын жағдайын көрсе де «бәрі жақсы болады, күтіңдер» деумен шектеліп, кетіп қалған. Онсызда тағдырдың тәлкегін көп көрген отбасын алдап шақырып, уәделеріне немқұрайлы қараған. Биыл балалар жылы, сонда оларға деген биліктің қамқорлығы осы болғаны ма?! Бар ақшаға азық-түлік алып бердік. Әлі де көмек керек. 80 мың теңгеге «времянка» жалдап алдық. АӘК алу үшін тұрақты тіркеуге тұруы керек», – деді қоғам белсендісі Жұлдыз Несіпбаева.

Еріктілер ақша жинап, аш отырған отбасының кері қайтуын ұйымдастырған. Қиын жағдайда тұрып жатқан жалғызбасты әйелдің жағдайын естіген ел бір аптада 114 мың теңге жинап берген. Жүрегі жаралы жандар пойызбен Алматыға жетті.

«Көңіл күй жақсы. Балаларым қуанып жатыр. Түнгі сағат 2-де қашқандай болып көшіп кеттік. Шыдамымыз таусылды. Қиналғанда адам басына небір ойлар келеді екен. Өмірден түңіліп кеттік. Солтүстікке елді көшірудің бағдарламасы өтірік. Жалған уәдеге бәрінің жүйкесі шыдамайды. Әкімдердің айтқанына сеніп, көшемін дегендер әбден ойлануы керек. Барған күннің өзінде де дәл біз барған ауылға ешбір отбасының қоныс аударғанын қаламас едім. Қараусыз қалған, құлағалы тұрған, тышқаны жорғалап жүрген үйді берді. Биліктегілер балаларымның қиын жағдайына қысылып отырған жоқ, ауыл жойылса, өздерінің айлығынан, орындарынан айырылып қалатындарын білгендіктен жұртты алдап шақырады», – деді көпбалалы ана.

 

Айта кетейік, Исмайыловтар отбасына жәрдем беру үшін байланыс нөмірі: +7 777 022 46 62. Сол сияқты қаржылай көмекті Kaspi арқылы осы нөмірге жіберуге болады.

Соңғы

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы...

Құрғақ сай: Шымбұлақта жаңа 3 км шаңғы жолы қосылды

2022-2023 қысқы маусымында «Шымбұлақ» тау шаңғы кешенінде «Құрғақ Сай»...

LRT ісі: сотталушы Сағынтаевтан, Ахметовтен, Исекешевтен және Тасмағамбетовтен жауап алуды талап етуде

LRT/BRT қылмыстық ісінде айыпталушы Ұлықбек Ачилов 23 қарашада астананың...

«42 метрде орналасқан»: сот «Кублей» зауытына қатысты дауға нүкте қоя алмады

«Кублей» зауыты мен Орал қаласының әкімдігі арасындағы іс белгісіз...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед ресейлік сарапшылардың «Россия 1» телеарнасында сөйлеген сөздеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaq.today...

Құрғақ сай: Шымбұлақта жаңа 3 км шаңғы жолы қосылды

2022-2023 қысқы маусымында «Шымбұлақ» тау шаңғы кешенінде «Құрғақ Сай» жобасын іске асырады, ол + 3 км жолды қосуға мүмкіндік берді. Бұл туралы Qazaq.Today тілшісі...

LRT ісі: сотталушы Сағынтаевтан, Ахметовтен, Исекешевтен және Тасмағамбетовтен жауап алуды талап етуде

LRT/BRT қылмыстық ісінде айыпталушы Ұлықбек Ачилов 23 қарашада астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында маңызды куәлік беріп, жоғары лауазымды тұлғалардан жауап алуды сұрады. Ұлықбек...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here