Алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады

24 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде, 25-26 желтоқсанда батыста, солтүстік-батыс пен шығыста циклон жүріп, қар жауады. Оңтүстік-батыста жауын-шашын түседі (жаңбыр, қар). Тек елдің оңтүстігі ғана жауын-шашынсыз болмақ. Республика бойынша боран, тұман, жел, көктайғақ болады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«Орталық өңірлерде түнде ауа температурасы суытады. Елдің шығысында 20-35 градус аяз болады. Басқа аймақтарда ауа-райында күрт өзгеріс болмайды»,  делінген хабарламада.

Бұған дейін синоптиктер 2024-2025 жылдың қысына болжам жасаған болатын. Биыл жауын-шашын көп жылдық нормадан көп түседі деп отыр.

25