Алаяқтық жасаған полиция басшысы 40 миллион теңге кепілмен босатылды

Түлкібас АІІБ басшысы Данияр Мейірхан кепілмен босатылды, – деп хабарлайды Qazaq.Today тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Бұл туралы Мейірханның адвокаты – Шымырбай Ағабеков мәлімдеді. Данияр Мейірхан автосалонға қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінгені белгілі болды.

«Сот санкция беру кезінде кепіл сомасын анықтады. Ол кепілмен босатылды», – деді адвокат Шымырбай Ағабеков.

Шымкент қаласының тергеу соты мәліметінше, күдіктіге қатысты сот 40 миллион теңге көлемінде кепілдік белгілеген.

«Түлкібас АІІБ бастығына қатысты тергеу органдары қамауға алуға санкция беру туралы өтінішхат берді. Сот бұл өтініштерді қанағаттандырып, қамауға алуға санкция берді. Бұл ретте ҚР ҚІЖК-ның 148-бабы 8-бөлігі талаптарына сай сот кепіл мөлшерін белгілеуге міндетті. Сот 40 миллион теңге кепіл сомасын белгіледі», – деді тергеу соты өкілдері.

«Бұл нені меңзейді? Ол қазір қамауда. Егер ол сот белгілеген соманы тапса, оны төлейді, ал тергеу оны кепілмен босатуы керек», – деп толықтырды сот өкілдері.

Сот мәліметінше, Данияр Мейірхан ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Айта кетейік, Данияр Мейірхан 2020 жылы наурызда Түлкібас аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы болып тағайындалған болатын.

Соңғы

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек....

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын...

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here