«Қалаулымда» табысқан тележүргізуші мен музыкант некесін қиды (ВИДЕО)

Танымал тележүргізуші Диана Скатова жеке өміріндегі қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Ол сүйіктісі музыкант Сұлтан Нұрбековпен АҚШ-тағы мешітте некесін қидырған.

«Өмір – өздігінен ғажап. Сол кереметті бөлісетін адамың болса, оны кездестірсең, ол керемет екі еселенбей ме?!

Баршамызға, Алла тек жақсы күндерді бұйырсын! Енді біз ерлі-зайыптымыз!», — деп жазды ол.

Айта кетейік, олар бұған дейін QosLike бағдарламасында бірге жұмыс істеген.