Қала әкімдігі заңсыз таратқан: Алматы тауларындағы 840 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Сурет: The-village-kz.com/ Theozz1

Алматы қаласы маңындағы  таулы аймақтағы 840 гектар жерлер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Qazaq.today.

ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, жердің құны 54 миллиард теңге тұрады. Оны бір ғана компания иемденіп алған.

«Международная ассоциация клубов» ЖШС-не заңсыз түрде жеке меншікке берілген жалпы құны 54 миллиард теңге болатын 840 гектардан астам жер анықталды. Аталған жерлер су қоры санатына жатады және заң бойынша жеке меншікке берілмеуі тиіс. 2025 жылғы 12 маусымда Алматы сотының сот алқасы прокуратураның талап арызын қанағаттандыру туралы қаулы шығарды”, – делінген прокуратура хабарламасында.