Танымал блогер Дина Төреәлінің әпкесі Фариза Төреәлі сіңлісіне көлік мінгізді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.
Желі жұлдызы тосын сыйын көрсету үшін арнайы ата-анасын да алдырған.
“Алла қалауымен сіңліме тосынсый жасадым! Сені шын жүректен жақсы көремін. Әпкелік қамқорлығымды қабыл ал. Аллахым тек жақсы күндерді нәсіп етсін. Ата-анамыз да осы қуанышқа тап бола қалғандарына шүкір етеді. Бауырмалдығымыз, жанашырлығымыз арта берсін. Туған күніңмен, жаным сіңілім!», — деп жазды Фариза Төреәлі.
Туған күн иесі Дина Төреәлі де жеке парақшасына жазба жариялап, әпкесіне алғыс білдірді.
“22 жасым үлкен тосын сыймен басталды. Бұл менің мінген үшінші көлігім. Алғашқысын 16 жасымда ата-анам салоннан сыйлаған болатын. 18 жасымда ағам аппақ үлкен көлігін сыйлады. Тұрмыс құрғаннан кейін 2 жыл өз қалауымды кейінге қалдырып осы бір үлкен арманымды іште сақтағанмын. Соңғы бір айда Алладан күнде дұға етіп, өз адал еңбегіммен нәсіп етші деп тұрып қалауымды сұраған едім. Тіпті дәл осы сыйға алған көлікті 10 күн бұрын Lexus центрге барып, ішін ашып отырып тұрып қатты қалағанмын”, – деп қуанышын жасыра алмады желі жұлдызы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram