Алматы қаласының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаев өзіне жасалған қарақшылық шабуылдан қалай аман қалғанын айтты. Оқиғадан кейін берген сұхбатында, экс-әкім қарша бораған оқтың ортасына қалай тап болғанын бастан аяқ баяндап берді.
Оның сөзінше, әкімдіктің қызметкерлерін оқтың ортасына қара джип әдейіп алып барған. Сағынтаев қалада жаппай тәртіпсіздік орнаған сәтте жұмыс орнын қалалық ПД көшірген. Оның айтуынша 4-қаңтар күні кешке қарай Алтын Орда базары жақтан агрессивті бес жүздей адам шыққан. Ашулы, жолындағылардың бәрін бәрін бүлдіріп отырған топты полицияларда тоқтата алмаған. Қалаға бет алғандар сол сәтте ақ құқық қорғау органдарының жасағын тас-талқан қылып, Алматы Аренаға жиналған бейбіт шерушілерге қосылған. Бейбіт шерушілердің арасына кірген олар сол сәтте ақ көпшіліктің ниетін бұзып жіберген. Келесі күні тағыда сол Алтын Орда базары жақтан таяқ, балта, өзгеде құралдармен қаруланған кемі оң мың адам Райымбек даңғылы арқылы Республика алаңына жиналған. Әкімдікті қорғап тұрған қарусыз 700 сарбазды ұрып соғып, ғимараттарды өртеп жіберген.
«Құқық қорғау органдары, әскерилер тарапынан қатал шараларды қабылдау керектігін түсіндік. Біз таңнан әкімдікті, алаңды, президент резиденциясын тазалап, ары қарай қаланы да қалыпқа келтіреміз дедік. Коменданттық сағат енгізілгенде әкімдік, коммендат екінші сатыға жылжып, тәртіпке келтіру шаралары басқа арнайы қызметке өтті және жетекшілік ету соларға берілді. Әкімдік қаланы қажетті дүниемен қамтамасыз етумен айналысты. Бұл 6-қаңтардағы жағдай. Алаңды, әкімдікті босатқан соң мен өзімнің әріптестеріммен әкімдікке барамыз дедік. Олардың әкімдікті түгін қалдырмай өртеп жіберетінін басында болжамадық. Біз таңертеңнен бастап әріптестерімізбен әкімдіке барамыз деп жоспарладық. Ол жаққа бару үшін бізге рұқсат алу керек. Ол жақ қауіпсіз болу керек еді. Басында әкімдікті, алаңды босатумен әскерилер айналысты, сағат ондарға қарай Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы жасақ ұшып келлді. Біз рұқсат беруін күттік. Бізге әкімдікке баруға кешке қарай бірақ рұқсат берілді», — деді экс-әкім өзінің сұхбатында.
Өртеніп кеткен әкімдікке бармақшы болған Сағынтаев қасына өзге де лауазымды қызметкерлерін ерткен екен. Алайда оларға орта жолдан белгісіз джип қосылып, кортедж жылдамдықты баяулатуға мәжбүр болған. Әкімдіктің қызметкерлерін қасақан жолынан адастырған джип әкім отырған кортеджні алаңға қарай бастаған. Кортеджге оқ қарша борағанда Сағынтавтың көлік жүргізушісі де жаралған. Шабуылдың астында қалған қаланың сол кездегі басшысы бәрі осымен бітті деп ойлапты.
«Кешке қарай біз әріптестерімізбен әкімдікке қарай қозғалдық, қасымызда Алматы телеарнасының қызметкерлі болды. Біз ол жаққа шығатынымызды, бізді қарсы алу туралы ешкімге ештеңе айтқан жоқпыз. Себебі, біз қай уақытта баратынымызды өзімізде білмедік. Бізге ол жақ (әкімдіктің ғимараты — ред) таза дегенде шықтық. Ешқайсымыз бронтехникаға жасырынбадық, Skodaмен шықтық. Біз Әл-Фараби даңғылынан Назарбаевқа қарай бұрылғанда алдымыздан қара джип шықты. Біз бұл не қылған машина деп таң қалдық? Ол джип біздің алдымызға шығып қана қоймай, жылдамдықты сағатына 30 км дейін түсірді. Сол кезде коллона жылдам жиналып, өте баяу қозғалды. Президент резиденциясынан өте Назарбаев даңғылынан солға қарай, әкімдікке бұрылатын жол бар. Біз алаңға емес, әкімдікке солға қарай бұрылуымыз керек еді. Бірақ бізді ары қарай алып кетті. Осыны айтып үлгергенше қара джип кері жылдам бұрылып, жоғары Әл-Фарабиге қарай кетіп үлгерді. Сол кезде атыс басталды. Қара джип жинап алып келді, ол машина болмағанда біз әкімдікке қарай бұрылып кетер едік. Алдымыздағы машинадағылар да оны жолбастаушы екен деп қалды. Қауіпсіздікті қаматамасыз етуші әскерилердің адамдары екен деп ойлаған болу керек. Бізге ешкім ештеңе ескерткен жоқ. Не болғанын және шабуылдың қандай деңгейде болғанын біздің бір қызметкеріміз телефонға түсіріп үлгерген. Шабуылдаған сәттегі роликті бәрілеріңіз көрдіңіздер. Кейін менен, «Сіз қорықтыңыз ба, қорқынышты болды ма?» деп сұрады. Шынымды айтайын, мен сол сәтте ештеңені түсініп те үлгермедім. Тек «маған қашан оқ тиеді? деген ой болды. Себебі, оқтың атылуына қарап «бәрі бітті» дедім. Себебі, ол жерден шығарда машина бірсе оңға, бірсе солға бұрылды, бес секунд өтер өтпесте жүргізушім «аяғым-аяғым» деп айғайлай бастады. Оның аяғына оқ тиіпті. Бірақ кәсіби ғой, рулді жібермеді. Кейін штабқа келгенде, қасымда отырып айтқаны, оқ тигенде екі аяғыда жансызданып қалған, сезбейді. Сол бір жанталас сәтте аяғы қимылдап, газды басып үлгерген. Біз әйтеу ол жерден шығып үлгердік», — деді Алматы қаласының сол кездегі басшысы.
Экс-әкім ұзақ уақыт шокта болған. Шабуылдан әкімдіктің қызметкрелері ғана емес, Алматы телеарнасының көлік жүргізушісі мен операторына да оқ тиген еді. Телеарнаның көлік жүргізушісі тиген оқтың кесірінен оқиға орнында бірден қайтыс болып кеткен. Сағынтаев өзіне жасалған қарақшылық шабуылдан аман қалуының себебін әкес аруағының қолдауы деп түсіндірді.
«Не болғанын көпке дейін түсінбедім, шокта болдым. Бұның немен бітуі мүмкін екенін бірнеше күннен соң бірақ түсіндім. Осы оқиғадан соң біздің жанұямыздағы бір жағдай есіме түсті. 1973 жылы менің әкемді атып кеткен, ол кезде мен 10 жастамын. Қаладан ауылға келдік. Сол уақытта Жамбыл деп аталатын. Қараңғы түсіп кеткен, қақпаның жанындағы діңгекте жарық жанып тұрғанын білем. Біз аулаға кірмедік, сыртқа тоқтадық. Ол кезде ГАЗ-69 еді. Әкем алдыда, мен артында отырғам. Біз бірге шықтық сыртқа. Оқ атқан адам қақпаның сыртында, жақын жерде тұрған. Содан кешкі ас ішіп, әкем сыртқа шыққанда елу метр қашықтықтан атқан. Кейін ол ұсталып, сотталғанда айтқаны «ұлды аядым» (көліктен түскен кезде атпаған себебін түсіндіргені — ред) деді. Екі рет атып, жаралаған. Егер ол басында жақын жерден атқанда, әкемді өлтірер еді. Ол жағдайда мен әкемді қорғап қалдым деп ойладым. Жарақаттанды, кейін ота жасалды. Жаратушы оны арашалап қалды. Ол (Әбдір Сағынтаев — Социалистік Еңбек Ері, зоотехник-агроном) Ұлы Отан соғысына қатысып, жарақатпен оралған. Өкінішке қарай ол өмірден небәрі 64 жасында ерте кетті. Мен есейіп, өмірге араласқан сәтте, оның ақыл-кеңесіне мұқтаж болғанда кезде неге ерте қайтыс болып кетті деп ойлайтынмын. Әкелік қамқорлық, әңгімелесу, кеңесін алу деген ойлар иығымнан түспейтін. Осы жағдай өз басымда болғанда әкемнің мені тастап кетпегенін ұқтым. Әкемнің аруағы мені қорғап қалды. Ол үнемі менімен бірге. Ол мені қорғап жүрген, ол мені бермеді. Біз қазақ халқы аруаққа қатты сенеміз. Әкемнің аруағы осы жолы мені қорғап қалды. Сондықтан өзімнің әкеме деген құрметім шексіз!», — деді Бақытжан Сағынтаев.