Айыппұлды 50% жеңілдікпен төлеу құқығынан айырылуы мүмкін

2015 жылы Қазақстанда жол ережесін бұзған жүргізушіге айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеуге мүмкіндік беретін заң қолданысқа енгізілген еді.

ІІМ қазақстандық жүргізушілерге жылына бес мәрте жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 50 пайыздық жеңілдікпен айыппұл төлеуге тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев мәлім етті, деп хабарлайды qazaq.today сайты Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі қала сыртындағы трассаларда орташа жылдамдықты арттырғаны үшін көлік құралдарының жүргізушілерін жауапкершілікке тарту мүмкіндігін көздейтін түзетулерді пысықтауда. Күнтізбелік жыл ішінде 5 әкімшілік құқық бұзушылықтан жоғары жасаған тұлғаларға 50 пайыз жеңілдікпен айыппұлды төлеу мүмкіндігін болдырмау көзделуде», — деді Жандос Мұратәлиев.

Айта кетейік, айыппұлдарды төлеу кезінде 50 пайыздық жеңілдік Қазақстанда 2015 жылы қолданысқа енгізілген болатын.