Фото: әлеуметтік желі
Танымал әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбет өнердегі жұлдызын жаққан “Кesh You” тобынан неге кеткенін айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
Динара Сәтжанның шоуында қонақ болған әнші тұрмысқа шығу үшін айыппұл төлегенін жасырмады.
«Мұндай ақпаратты көп жерде айта бермеймін. “КешYou” тобымен 7 жылдық келісімшарт болған. Бірақ пешенеме жазылған тағдырыма байланысты 2 жыл ғана жұмыс істедім. Уақыт өте келе өзімнің сүйіктімді киноға түсіп жүргенімде жолықтырдым. Қазір 8 жасар ұлым, 6 жасар қызым бар”, – деді әнші.
Одан кейін тұрмысқа шығу үшін белгілі продюсер Баян Мақсатқызына айыппұлды экс жолдасы, актер Дәурен Айдарқұлов төлегенін айтты.
“Тұрмысқа шығамын деп топтан кеттім. Жалпы тұрмыс құруым, бір жағынан балалық болды ма, шалалық болды ма, адам болған соң бастан түрлі жағдай өтеді екен. Экс-күйеуім келісімшартта көрсетілген айыппұлды төлеуіне тура келді”, –деді Ақбота-Нұр Сейітмағамбет.