Танымал әзілкеш, «Алдараспан» театрының негізін қалаушы Нұржан Төлендиевтың ұлы Рауан үйленіп, дүбірлі той өткізді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Актер Шымкентте беташар жасап, тойға қазақ эстрадасындағы аға-бауырлары толығымен жиналды.
Белгілі әнші Сәкен Майғазиев та тойда бой көрсетіп, «Нұржан досымыз келін түсіріп жатыр. Құтты болсын!», — деп тілек білдірді.
Желі қолданушылары жастарға бақыт тілеп, ізгі лебіздерін білдіруде.
«Жастар бақытты болсын! Әрқашан тілекшіміз! Нұржан ағамыз да қайыната болатын жасқа жетіпті ғой», — деп жазды көпшілік.
Посмотреть эту публикацию в Instagram