«Қайратты өсектеп, жала жауып отыр»: Гүлзира Айдарбекова ұлына араша түсті

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасты сынға алған желі қолданушысына жауап берді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. 

Продюсердің айтуынша, бір адам үнемі баласын өсектеп, жала жауып жүреді.

«Қайтесіз қоя беріңіз, біздің адамдарға шындық жақпайды ғой. sania_nur1948 деген мына жерде оттап отырған қатын, барлық парақшада Қайратты өсектеп, жала жабумен отырады. Оған жүрек дәрісін ішіп ұйықтау керек шығар, өлуге айналды іш құса болып, кезінде Қайрат менсінбей қарамай кеткен ау шамасы, басқа тірлігі жоқ ол қатынның. Оттағандар оттай берсін, бәрі шындық», деп жазған продюсер.