Қайрат Нұртас 8 жыл бұрын қарияға берген уәдесін әлі орындамаған (ВИДЕО)

Өзбекстанда өткен концертте қарт кісі Қайрат Нұртасқа 2017 жылы берген уәдесін орындамағанын айтып, болған оқиғаны еске салды.

Дегенмен, қарт кісі әншінің бұл ісіне ренжімей, қайта өзімен алып келген сыйлықтарын тарту етті. Концертте қарт кісі немерелерінің күрестен алған алтын, күміс медальдарын әншіге аманат етіп сыйлады.

«Сенің концерттеріңді 10 жылдан бері тамашалап, билеттеріңді сатып, миллионер болып кеттім. Денің сау болсын! Немерелерім күрестен бірінші, екінші орын алды. Осы аманатты Қайратқа беріңіз деп тапсырды. Мойныңа тағып ал, балаларың чемпион болсын!

Ал мына жайнамаз 104 жасқа келген апамдікі. Барғаннан кейін намаз оқып, дұға жаса. 104 жасқа келген апамның жасын берсін!

2017 жылғы концертіңде белдігіңді ұмытып кетіп, сол кезде өзімдікін беріп еді. Сонда ауылға келіңіз, бір тұлпар мінгіземін деп едің», — дейді ақсақал.

Сонда Қайрат Нұртас микрофонын алып, тұлпар мінгізетінін айтты.

«Тұлпар бар ғой, Аллаға шүкір. Мен тұлпар мінгіземін деп айтсам, демек мінгіземін. Қазір ғой, көке. Оны анау қызға беріңіз», — деп ақсақалдың қолындағы сыйлықтарын көмекшісіне бергізеді.

Айта кетейік, осыған дейін Қайрат Нұртас Гауһар Әлімбекованың мұңды әніне секіріп билеймін деп сынға қалған болатын.