Айдос Садықовқа жасалған қастандық кімге тиімді?

Кеше «БӘСЕ» каналының авторларының бірі Айдос Садықовты атып кетті. Оның жұбайы Натальяның айтуынша, қазір ол ауыр халде, реанимацияда жатыр. Бұл жағдай журналист, блогер жалпы қоғамда болып жайттарға бей-жай қарамайтын азаматтарды алаңдатып қойды. Жаңа ақпарат іздеп, неге? қалай? не үшін? деген сұрақтар мазалайды.

Біріншіден соғыс болып жатқан Украина елінде осындай арнайы операция жасау өте қиын. Коменданттық режим, халықтың белгілі бір пайызы қару-жарақпен жүреді. Қазіргі таңда қауіпті орталардың бірі деуге болады.

Сондықтан да мұндай жерде арнайы бір шабуыл жасау оңай емес. Ұйымдастырған адам кемінде 2-3 ай дайындалуы керек.

Екіншіден, белгілі бір мемлекетке байланысты болуы. Үшінші тараптардың араласуы да мүмкін. Яғни, ол Украина да, Қазақстан да емес, үшінші тараптың араласуы.

Қазақстан үшін «БӘСЕ» ютуб арнасы алып бара жатқан үлкен мәселе болып тұрған жоқ. Мәселен, Францияда жүрген азамат. Меніңше ол елде мұндай операция жасау әлдеқайда оңай болар еді. Ол да ешкімге қажет емес.

Қазір Украина арнайы іс қозғап, тергеуді бастады. Ал, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі болса, бұл іске көмектесуге ниетті.

Үшіншіден, жақында Германияда болған Қазақстан азаматшасымен орын алған жағдай. Бұрын Қазақстанда судья болған азаматша жоғалып кетіп, осы жақында өлі табылды.

Бұрын сот болып жұмыс істеген азаматшаның жоғалып кеткенін естіген кезде, оның тікелей жұмысына байланысты бұрынғы кек алушылар деп ойлайсың. Қазір болса жүріп жүрген жігіті кінәлі деген пікір айтылып жатыр.

Ал, Айдостың жағдайында оған да жасалған шабуылға бір «жынды» кінәлі емесіне кім кепіл?! Соғыста жүрген бір ақымақ болса қайтеміз?! Бұл жағдайға байланысты Украина кешірім сұрап, көмегін тигізуге дайын бола ма бұл жағдайда?

Төртіншіден «БӘСЕ» ютуб арнасында белгілі бір кәсіпкерлерге арнайы жасалған роликтер көп болатын. Ал біз ол «ірі кәсіпкерлердің» қандай жолмен кәсіпкерлікке келгенін және «Ескі Қазақстанмен» қалай байланысты екенін білеміз.