«Қайда қарап жүрсіздер?»: Мақпал Жүнісова Шелек ауылының әкімдігін сынады (ВИДЕО)

Халық әртісі Мақпал Жүнісова Жаркентке бара жатқан жолда Шелек ауылына тоқтап, әкімдіктеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Өнер иесі ауданнан бір асхана, бір дәретхана таппағанын айтып, өңірдің қатты тозып кеткенін жеткізді.

«Жаркентке жолға шыққан едім. Қарнымыз ашқасын жолшыбай дәмханаға кіргіміз келді. Бір жерде дәретхана жоқ. Оның өзі далада, түрінен шошисың. Әкімдіктері жабық тұр. Ғимараттың алды ғана тазаланған. Дәретханасы болса, кіріп шығайық деп ойлағанбыз. Бірақ тарс жабық. Ауыл басшылары қайда қарап жүрсіздер?! Мен Шелекке барған жоқпын. Тек жолдың бойында болғасын тоқтап, асхана мен дәретхана іздедік.

Жастар ауылдан осындай жағдайға шыдамағасын кетеді. Өтіп бара жатқанда 5-6 үйдің сатылатынын оқыдық. Өте қиын жағдай. Халық ауылдан көшсе, ауыл жабылады», – деп жазды әнші.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)