Айбек Оралбай Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Фото: Olympic.kz

Бокстан лицензиялық турнирде Қазақстан қоржынына алғашқы жолдама түсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

92 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айбек Оралбай ширек финалда америкалық Джамар Таллимен кездескен болатын.

Жекпе-жек толығымен Айбектің басымдығымен өтіп, қазақстандық боксшы 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан ерлер командасы Париж Олимпиадасының екінші жолдамасына ие болды.