Air Astana Таяу Шығыс бағытындағы тоқтатылған рейстердің уақытын тағы ұзартты

Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуына байланысты Air Astana әуекомпаниясы жоспарланған әуе рейсінің күші жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Air Astana әуекомпаниясы 24 маусымға жоспарланған келесідей әуе рейстері тоқтылғанын айтты.

  • KC205/206: Астана – Дубай – Астана
  • KC897/898: Алматы – Дубай – Алматы
  • KC551/552: Шымкент – Доха – Шымкент (чартерлік рейс)

Жолаушыларға билеттерді тегін қайта броньдау немесе толық көлемде ақшасын қайтару мүмкіндігі ұсынылады.